Ссылки доступа

Каннда "Алтын пальма бұтағы" иегері жарияланды


Канн кинофестивалінде "Алтын пальма бұтағын" британдық режиссер Кен Лоучтың "Мен, Дэниел Блейкпін" деген кинокартинасы жеңіп алды. Ол бұл сыйлықтың екінші рет лауреаты атанып отыр.

Фильм жүрек талмасынан кейін әлеуметтік көмек алуға ниеттенген қарт ағаш ұстасының өмірін бейнелейді.

Осыған дейін "Оскар" сыйлығының иегері болған иран режиссерінің "Коммивояжер" картинасы "Үздік сценарий" номинациясын жеңіп алды. Ондағы бас кейіпкердің рөлін сомдаған Шахаб Хуссейн үздік актер атанды. Сюжеттің негізі ерлі-зайыптылар туралы. Әйеліне қол көтергеннен кейін олардың өмірі қатты өзгереді.

Фестивалдің бас жүлдесі "Бұл тек заман ақыры" деген фильмі үшін канадалық режиссер Ксавье Доланға берілді.

“Мама Роза” фильмі үшін филиппиндік актриса Жаклин Хосе “Ең үздік әйел” рөлін иеленді.

XS
SM
MD
LG