Ссылки доступа

Пентагон: АҚШ Ресеймен бірге Сирияны бомбаламайды


Құрама Штаттар Ресейдің Сириядағы "Жебхат ан-Нусра" радикалды ислам тобына бірлесіп әуесоққы жасайық деген ұсынысын қабылдамады.

Пентагон төрағасы Джефф Дэвис "Құрама Штаттар Ресейдің Сириядағы әскери операциясына ынтымақтастық жасамайды" деп мәлімдеді.
Алдын Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу 25 мамырдан бастап АҚШ басқаратын коалицияға бірлесіп сирия-түрік шекарасын қиып өтетін қару-жарақ керуеніне қарсы соққы беруге шақырған.

Министр 25 мамырдан бастап Ресей де Сириядағы бітім шартына қосылмаған топтарға қарсы біржақты әуе соққысын жасайтынын айтқан. Шойгу АҚШ-тың ықпалының арқасында 140 әскери құрылым Сириядағы бітім шартына қосылды деді.

Шойгудың сөзінше, Сирия президенті бірлескен шабуылға қарсы емес. АҚШ Башар Асад режимімен ынтымақтастудан бас тартатынын айтып келеді.

Сириядағы соғысты тоқтату жөнінде келісім үстіміздегі жылдың 27 ақпанында енген. Оған "Ислам мемлекеті" және "Жебхат ан-нусра" радикалды топтары қосылмады. Бұл ұйымдар әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда террористік ұйымның тізіміне енген.

XS
SM
MD
LG