Ссылки доступа

"Қазақ радиосының" қызметкерлері министрдің атына наразылық хатын жолдады


Мемлекеттік Қазақ радиосының Алматы бюросында жұмыс істейтін 30 қызметкер ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың атына хат жолдады. Хатта журналистер радионың Алматы бюросының жабылуы мүмкін екеніне наразылық білдіреді.

"Қазіргі уақытта 14 журналист жұмыс істейтін Алматы студиясының жабылу қаупі тұр. Үш жыл уақыт өтті, 95 жылдық тарихы бар радио "аптекаға" айналды. Қазақ радиосының күнделікті эфирінің көп бөлігін жарнама алатынын айтпауға болмайды. Күнделікті төрт бағдарлама тек бір ғана дәрілік қоспаларды жарнамалайды", — делінген министрге жазған хатта.

Хат авторлары егер Алматы бюросының жабылуына қаржы үнемдеу себеп болса, басқа шығындарды қысқартуға болатынын айтады. Журналистер сонымен бірге Алматы бюросының "Қазақ радиосын" өз алдына бөлек БАҚ ретінде қайта құруды сұрайды. Министр Дәурен Абаевтың атына жазылған хатқа 30 журналист қол қойған. Министр тарапынан бұл хатқа әзір жауап болған жоқ.

XS
SM
MD
LG