Ссылки доступа

Бір жылда Еуроодақта 200-ден аса терактың алдын алған


Өткен жылы Еуроодақ алдын ала ұйымдастырылып, теракт жасамақ болған 211 оқиғаның алдын алып, жолын кескен.

Еурополдың Антитеррорлық орталықтың басшысы Мануэль Наваррет Панягуа биліктің белсенді әрекетіне қарамастан, Еуроодақ елдерінде діни экстремизм қаупі үлкен екенін айтады.

2015 жылы Еуроодақта болған терактілерден 151 адам қайтыс болып, 360-тан аса адам жараланды. Террористік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен мыңнан аса адам ұсталған. Бұл мәліметтер Еурополдың жыл сайынғы жарияланатын есебінен алынды. Бұл мәліметтер таяу арада жарық көреді. Панягуа мұны Еуропарламенттің отырысында таныстырды.

XS
SM
MD
LG