Ссылки доступа

Қорым директоры бәріне тәжік мигранттарын кінәлайды


Мәскеудегі Хован қорымындағы үш тәжік қаза тапқан қанды оқиғадан кейін мигранттар әлі күнге дейін мазардағы жұмыстарына қайта оралмады.

Қамауға алынған Хован қабірінің бұрынғы директоры 14 мамырда болған қанды оқиғаға тәжік еңбек мигранттарын кінәлайды. Алайда тәжік азаматтары мұны Юрий Чабуев тек өзін ақтап алу үшін жасап отыр деп есептейді.

Еске сала кетейік, 14 мамырда Хован қорымында болған қылмыс әлемі мен тәжік мигранттары арасында болған төбелес кезінде үш тәжік азаматы қайтыс болып, 30 адам, оның ішінде 23 тәжік жараланды. Зардап шеккендердің сөздерінше, кавказдық қылмыс әлемінің адамдары мигранттарға жұмыстары үшін алатын ақшаның тең жартысын беруді талап еткен. Алайда тәжік жұмысшылары бас тартқан, мұның соны төбелеске ұласып, атыспен аяқталған.

Оқиғадан кейін мазарда жұмыс істеп жүрген 110 тәжік азаматы тұтқындалған. 22-сін 15 тәулікке қамаған, жеті мигрантты жазадан кейін, Ресейден шығармақ.

XS
SM
MD
LG