Ссылки доступа

АҚШ Сириядағы қанды терактіні айыптайды


Сирияда ресейлік әскери теңіз базасы орналасқан Тартуста, сонымен бірге Жабледегі ресейлік әуе базасының жанында үлкен теракті орын алды.

АҚШ Латакия провинциясында және Тартус қаласында орын алған қанды оқиғаны айыптайды. Терактіге жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойындарына алып отыр.

Нәтижесінде автобус станциясы жарылып, ауруханадағы жүзден аса адам қаза тапқан.

"Біз Сирия президенті Башар Асад режимін Алеппо мен Дариеге шабуыл жасауын тоқтатуға шақырамыз және гуманитарлық көмек жіберуге кедергі келтірмеуін сұраймыз. Бұл әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағы кикілжіңді тоқтату жөніндегі 2254-резолюциясына қайшы келеді", - делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысының орынбасары Марк Тонер жасаған мәлімдемеде.

XS
SM
MD
LG