Ссылки доступа

Интернетте Қазақстандағы «педофилдар» туралы мәлімет жарияланды


Қазақстанда кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталғандар туралы мәлімет жинақталған онлайн-база пайда болды. Бұл жөнінде Қазақстан Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің сайтында жарияланды.

Өткен айда Қазақстанда «адамның сексуалды зорлыққа баруының алдын алу» мақсатында педофилдарды химиялық жолмен піштіруді қарастыратын заң қабылданды.

«Құқық қорғау органдарының назарына ілінген педофилдардың жүрген орнын бақылау, жаңа қылмыстың алдын алуға көмектеседі, — делінген комитет мәлімдемесінде. — Бұл үшін биылғы жылдың басынан бері кәмелетке толмағандарға зорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғандарды тіркеу мен олар туралы мәліметтерді жариялау қолға алынды».

Комитеттің дерегінше, «педофилия үшін сотталғандар туралы, олардың аты-жөні мен тұратын мекен-жайы туралы мәлімет алуға мүмкіндік беретін картамен» комитеттің infopublic.pravstat.kz. сайтынан танысуға болады.

XS
SM
MD
LG