Ссылки доступа

Тәжікстанда сайттарды бұғаттаған провайдерлерді жазалау ұсынылды


Тәжікстан омбудсмені Зариф Ализода 24 мамырда Душанбеде елдегі адам құқықтары туралы жылдық баяндамасында «провайдерлердің профилактикалық техникалық жұмыстар жүргізгенде интернет қолданушылардың құқығын сақтауы керектігін» мәлімдеді.

Оның сөзінше былтыр news.tj, tojnews.org, ozodi.org, ozodagon.com, faraj.tj жаңалықтар сайты, сонымен бірге youtube.com бейнехостингі мен Вконтакте.ru, facebook.com, одноклассники.ru. әлеуметтік желілерінің бұғатталған жайттары кездескен. «Азаматтардың ақпаратқа қолжетімділік құқығы бұзылмауы үшін ресми ескертусіз сайттарды бұғаттайтын интернет-провайдерлерге шара қолданатын заң қабылдау қажет», - деді ол.

Тәжікстанда әзірге интернет сайттары бұғатталғаны үшін сотқа берген оқиға болған емес. Ел үкіметінің жанындағы байланыс Қызметі интернет-провайдерлерге веб-ресурстарды бұғаттауға бұйрық бергенін жоққа шығарады, ал провайдерлердің өздері ондай жағдайда техникалық себептерге немесе "жоғарыдан нұсқауға" сілтейді. Қазіргі таңда «Азия-Плюс», «Радио Озоди» және «Озодагон» ақпарат құралдарының сайттарына кіру мүмкін емес.

Омбудсмен өзінің ұсынысының Жоғарғы сот шешімімен жабылған сайттарға еш қатысы жоқтығын айтты. Тәжікстанның Жоғарғы соты экстремизмге шақырды деп танылған ондаған сайтты бұғаттау туралы шешім шығарған, олардың ішінде тыйым салынған Тәжікстанның исламдық өркендеу Партиясының сайты да бар.

XS
SM
MD
LG