Ссылки доступа

Ресейде әнұранды қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуде


Ресейдің Жоғарғы соты ел әнұранын қорлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды.

Заң жобасы Қылмыстық кодекске енген әнұранды қорлағаны үшін берілетін жазаны мемлекеттік герб пен туды қорғау туралы ережеге теңестіреді. Бұл Ресей Конституциясының 70-бабы бойынша үш мемлекеттік рәміздің мәртебесі бірдей саналатыны туралы жазылғанына байланысты деп көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, Ресей әнұранын қорлау ретінде орындау сәтінде немесе БАҚ, интернетте жариялау кезінде мемлекеттік гимн мәтіні мен музыкалық редакциясын әдейі өзгерту саналады. Гимнді қорлағаны үшін заң жобасының авторлары бір жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе сол мерзімге мәжбүрлі еңбекке жегуді, болмаса үш айдан алты айға дейін қамауға алуды ұсынады.

Құжаттың түсіндірме жазбасында бұған 8 мамыр күні Севастопольда өткен көпшілік шаралардың бірінде Ресей әнұранын орындау барысында оның мәтіні мен музыкасы өрескел бұзылғаны секілді жайттардың себеп болғаны жазылған.

XS
SM
MD
LG