Ссылки доступа

Қырғыз-өзбек қарым-қатынасы футболға әсер етті ме?


2 маусымда Ташкентте өтеді делінген футболдан Қырғызстан мен Өзбекстан ұлттық құрамаларының жолдастық кездесуі өтпейтін болды. Алаң иелері бұған қатысты түсініктеме бермеді.

Футболдан қос құраманың жолдастық кездесуі Ташкенттегі «Бунедкор» стадионында өтуі тиіс еді. Ойынның өтетіні туралы 13 мамырда белгілі болған, бірақ бір аптадан соң өзбек жағы кездесу өткізуден бас тартты.

«Бізге өзбек жағынан жолдастық кездесуден бас тартатындары туралы ресми хат келді. Сондықтан 23 мамырда жаттығуды бастауы керек болған құрама оны 28 мамырға шегерді. Федерацияның бас хатшысы Дастан Қоноқбаевтың дерегінше, жаңа қарсылас іздеуге уақыт тарлық еткендіктен, маусымда жолдастық кездесулер болмайды. Бұған қарамастан, Қырғызстанның футболдан ұлттық құрамасы жоспарлы жаттығуларын өткізеді", — деп хабарлады Қырғызстан футбол Федерациясының баспасөз хатшысы Наталья Угрюмова.

Кейінірек өзбек құрамасының 2 маусымда өз алаңында Экваториялық Гвинея құрамасын қабылдайтыны белгілі болды.

Орталық Азиядағы екі елдің футболдан құрама командаларының жолдастық ойыны өтпейтіні туралы хабар оның саяси астары бары жайында жорамал тудырды. Биыл наурыз айында Жалал-Абад облысының шекаралық аймағында екі ел арасында шекаралық текетірес туғаны белгілі.

18 мамырда Қырғызстан Өзбекстан мүше боп табылатын Халықаралық Аралды құтқару Қорындағы мүшелігін уақытша тоқтатқан еді.

XS
SM
MD
LG