Ссылки доступа

Астана мен Шымкенттегі жер телімдері төңірегіндегі дүрлігу "арандатушылық" ретінде аталды


Астана қаласының Сарыарқа аудандық әкімдігінің алдында ондаған адам үй салуға болатын тегін жер телімдерін алуға құжаттарын тапсыру үшін кезекке тұрды. Шымкентте де халық арасында осындай дүрлігу болды.

Жергілікті билік өкілдері ешқандай «жер беру» көзделмегенін мәлімдеп, ұзын-сонар кезектің әлеуметтік желілердегі «арандатулар» мен алыпқашпа сөздердің нәтижесінде пайда болғанын айтты.

Астанадағы тұрғын үй басқармасының бастығы Руслан Ахметов Tengrinews агенттігіне белгісіз біреулердің пәтер немесе 10 сотық жер берілетіні туралы жалған СМС хабар таратқанын айтқан.

«Мен қаланың әр тұрғынына Астана қалалық әкімдігінің тұрғын үй басқармасы ақпараттық мазмұндағы ескертпелерін ресми БАҚ беттерінде жариялайтынын жеткізгім келеді. Олардың қатарына қала әкімдігінің сайты, тұрғын үй басқармасының интернеттегі беті немесе БАҚ, телевизиядағы газет дереккөздері және тағы басқалары жатады», - дейді Ахметов.

«Жер туралы» кодексте Қазақстанның әр азаматына үй салуға 10 сотық жерді меншігіне беру құқығы қарастырылған. Алайда көптеген ірі қалада бұл құқықты жүзеге асыру тоқтатылған. Билік жер телімдерін тек инженерлік коммуникациялар жасалған жерлерден ғана беретінін мәлімдеп отыр.

XS
SM
MD
LG