Ссылки доступа

Еуропалық сот Ресейді журналистке келген зиянды өтеуге міндеттеді


Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Ресейді полициядағы азаптауларға шағымданған воронеждік журналист Павел Манжосқа 16 375 еуро көлемінде моральдық өтемақы мен сот шығынын өтеп беруге міндеттеді. Бұл туралы "Общественный вердикт" қоры хабарлады.

Еуропалық сот Манжостың ісінде азаптауларға тыйым салу бабы бұзылған, қатігез және адамшылыққа жатпайтын жайттар бойынша дұрыс тергеу жүргізілмеген деп тапқан.

Қордың дерегінше, 2008 жылы Павел Манжосты тоқтатқан воронеждік АІІБ қызметкерлері еш түсініксіз және себепсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюын талап еткен. Журналист бас тартқан соң оны соққыға жыққан, шарбаққа кісендеп қойып, 40 минут бойы асылған күйі қалдырған. Манжос қанша мәрте арызданса да, құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG