Ссылки доступа

Тәжік атлеті әлем чемпионатында күміс медаль алды


Германияның Халле қаласында өткен балға лақтырудан әлем чемпионатында Дилшод Назаров екінші орынды иеленді. Ол Рио-2016 Олимпиадасына жолдама алған жалғыз тәжік спортшысы.

Бұл жолы тәжік спортшысы балғаны 78 метр 34 сантиметрге лақтырған. Оның басты қарсыласы, 26 жастағы поляк Павел Файдек әлем чемпионатының рекордын жаңартты. Оның көрсеткіші - 80 метр 39 сантиметр.

Өткен аптада 34 жастағы Дилшод Назаров Чехияда өткен «Оstrava golden spike» Гран-При сайысының кезекті сатысында 78 метр 82 сантиметрге дейін лақтырып, күміс олжалаған еді. Ол кезде де Павел Файдек (80,66 метр) жеңіске жеткен.

Дилшод Назаров 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Жазғы олимпиада ойындарына қатысатын жалғыз тәжік спортшысы. Тәжік атлеті алдағы Олимпиадаға маусымның аяғына дейін Чехияда дайындалмақ.

XS
SM
MD
LG