Ссылки доступа

Британдық журналист Питер Померанцев Ресей туралы кітабы үшін сыйлық алды


Питер Померанцев

Питер Померанцев

"Жалтылдаған, өткір прозада" ақша үшін жанпида ететіндер, лас ақшалары Лондонға "ағылатын", қарақшылар басқаратын ел жайында жазылған.

Британдық журналист және телепродюсер Питер Померанцев "Ақиқат жоқ" деп аталатын Ресей туралы кітабы үшін сыйлық алды. Майкл Ондатже атындағы сыйлықты жыл сайын британдық Королевалық әдеби қоғам әр елдің немесе аймақтың рухын көрсететін көркем және деректі шығармалар үшін беріледі.

Қазылар бағасы бойынша, Померанцевтің кітабының өзіндік ерекшелігі бар. Оны оқыған кез-келген адам Ресейге барғысы келмейді дейді.

Питер Померанцев "Ақиқат жоқ. Барлығына рұқсат" деп аталатын кітабы үшін 10 мың фунт сыйақы алды.

XS
SM
MD
LG