Ссылки доступа

"Талибан" жаңа лидерін сайлады


"Талибанның" ауған қанаты қозғалыс лидері молда Ахтар Мансурдың америкалық әуесоққының нәтижесінде өткен аптада қайтыс болғанын мәлімдеді.

Қозғалыстың жаңа лидері болып "Талибанның" сот органын басқарған молда Хибатулла Ахундзада тағайындалған.

Тәлібтердің жаңа лидерінің орынбасарлары болып, соңғы кезде Кабулдағы үлкен шабуылдармен көзге түсіп, айыпталған Сираджуддин Хаккани және бұрынғы лидер молда Мохаммад Омардың ұлы Мохаммад Якуб тағайындалған. Бұл жөнінде "Талибан" қозғалысының ресми өкілі Забиулла Муджахид мәлімдеді. Ол Хибатулла "Талибандар" жетекшілерінің отырысында сайланғанын айтты.

Мансур Пәкістанда 21 мамырда көлікпен кетіп бара жатқан кезде, америкалық әуесоққының нәтижесінде қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG