Ссылки доступа

Бішкек шетелдік жұмысшыларға берілетін квотаны қысқартпақ


Қырғызстан билігі елге келетін шетелдік мигранттарды реттейтін заң жобасын ұсынады деп мәлімдеді Мемлекеттік миграция қызметінің басшысы Бакыт Адылов.

Адыловтың мәліметіне қарағанда, Қырғызстанға келетін шетелдік мигранттардың 85 пайызы Қытай азаматтары.

Жаңа заң жобасына сәйкес, кәсіпорындарда еңбек мигранттарының саны 10 пайыздан, ал жетекші мен арнайы мамандар 20 пайыздан артық болмауы тиіс.

"Бұрын мұндай талаптар болмаған. Жаңа заң жобасы ішкі еңбек нарығын қорғау үшін және жергілікті азаматтарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін әзірленді", — деді Адылов. Ол сонымен бірге заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылғанын да атап өтті.

XS
SM
MD
LG