Ссылки доступа

Тәжікстан оффшорлық құпиялар жария болған соң, заңдарға түзетулер енгізді


Тәжікстанда бұдан былай елінде компания ашқысы келетін әрбір азамат кәсіптің қожайыны кім екені, оффшорлық аймақтарда тіркелген компаниялары бар-жоғын анықтайтын ақпарат беруге тиіс.

Бұл өзгерістер "Заңды және жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі" заңға енгізілген. Жаңа талаптар осы аптадан бастап күшіне енді. Заңның 2009 жылы қабылданған нұсқасында мұндай шарттар болмаған.

Заңның жаңа редакциясын тәжік парламенті сәуір айында қабылдаған. 14 мамырда ел президенті қол қойған. Құжат авторларының сөздерінше, заңға енгізілген жаңа өзгерістердің мақсаты шетелмен экономикалық және сауда байланысында тазалықты қамтамасыз ету. Осыған дейін кәсіпорындарды немесе компанияларды тіркер алдында тек құрылтайшылардың аты-жөнін ғана сұраған. Акционерлер тізімі міндетті емес болатын.

Тәжікстанда кәсіпкерлерді тіркеу жөніндегі заң қысқа мерзім ішінде "Панама құжаттары" жария болғаннан кейін өзгертілді.

Mossack Fonseca құжаттарына журналистер тобы зерттеу жүргізді. Бұл досьеде салықтан қашып, қаржысын оффшорлық компанияларға жасырған әлемнің ірі саясаткерлері, бизнесмендерінің аты-жөндері бар. Миллиондаған есімдердің ішінде Тәжікстанның он азаматы бар.

XS
SM
MD
LG