Ссылки доступа

Ресей соттары мигранттарды жаппай депортациялап жатыр


Ресейде құқық қорғаушылар елге заңды түрде келген мигранттардың да соттардың қатал шешімдерінің құрбандары болып отырғанын айтады.

Қырғызстан азаматшасы Зуура Айтикеева ресейлік сот жүйесін жақсы біледі. Оның ұлы Мәскеуге келген бірінші күні-ақ ұсталған. Сот бес мың рубль айыппұл салып, депортация жөнінде шешім шығарған:

- Ұлымның жанында құжат, телефон болмаған. Тек әуебилеті болған. Сот Ресей аумағынан шығару жөнінде шешім шығарды. Сот залына бірден 20 адамды кіргізді. Олардың істерін тексерместен, барлығына бірдей депортациялау жөнінде шешім шығарды. Басында біз кету жөнінде ойладық, бірақ адвокат іздеп, сотқа қайта шағымдандық.

Зуура Айтикеева мен оның ұлы адвокаттың арқасында сот шешімінің күшін жойған.

Соттың әділетсіздігі жөнінде "Азаматтық көмек" комитетінің баяндамасында да айтылған. Онда соттар бір күн ішінде 94 мигранттың ісін бес минөтте қарап, барлығына айыппұл салып, депортациялау жөнінде шешім шығарғаны жазылған.

XS
SM
MD
LG