Ссылки доступа

"Холи" ісі: бір милиционер жұмыстан шығарылды, үшеуіне ескерту жасалды


Тәжікстан астанасы Сомони ауданының бір милиция қызметкері "Холи" деп аталатын үнді мерекесіне қатысушыға жасаған дөрекі әрекеті үшін жұмыстан шығарылған. Ал үшеуіне ескерту жасалған.

25 мамырда Тәжікстан ІІМ ресми сайтында мереке аяқталғаннан кейін 40-50 шақты беттерін, шаштарын, киімдерін бояған жастардың, олардың ішінде кәмелетке толмағандар да бар Рудаки даңғылы мен Бухоро көшесінде жүріп, қоғамдық тәріпті бұзғандықтары туралы ақпарат жарияланды.

"Сонымен бірге олардың қылықтары жергілікті тұрғындардың мазасын алды. Азаматтардың өте көп шағымынан кейін 48 күдікті, оның ішінде 31 кәмелетке толмағаны бар және 17 жеткіншек ұсталып, Сомони ауданы ішкі істер басқармасының бөлімшесіне жеткізілді", -делінген хабарламада. Онда жастардың құжаттарын тексеріп, ата-аналарымен сөйлескеннен кейін үйлеріне қайтарылғаны жазылған.

"Милиция қызметкерлері оларға қатысты заңның аясында жұмыс істеді, басқаша жағдайда тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін еді", - деп қорытындылайды.

Ал әлеуметтік желілерде тараған аудиожазбаларда милиция қызметкерлерінің ұсталғандарға өте дөрекі мінез танытқанын байқауға болады.

"Холи" немесе "Бояулар мерекесі" - Үндістанның ұлттық-діни мерекесі. Үндістанда бұл күні демалыс жарияланады. Тәжікстанда бұл мерекені төртінші жыл қатарынан жастар атап өтіп жүр.

XS
SM
MD
LG