Ссылки доступа

Тәжік туларын шұғыл түрде саудадан алып жатыр (бейнежазба)


Тәжікстанның ұлттық туларын Қытай мен Түркиядан әкелуге тыйым салынған, ал шетелде тігілген туды саудадан алып жатыр. Билік орындары бұл тулардың жарамсыз екенін, бұдан былай мемлекеттік рәміздің бұл түрі тек елде жасалатынын мәлімдеді.

«Тәжікстандарт» тұтынушылар тауарларын тексеретін мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы Абдукаххор Мавлонзода 26 мамырда Азаттық Радиосына Қытай мен Түркияда шыққан Тәжікстанның мемлекеттік туында тәждің дұрыс бейнеленбегені және басқа да сәйкессіздіктер мен кемшіліктердің анықталғанын хабарлады.

Саудагерлер мен тұтынушылардың басым бөлігі шетелден келген туда осындай кемшіліктердің бар екенін байқамағандарын айтады. Саидакбар Одинаев есімді саудагер тәжік туы өзіндегі ең өтімді өнімнің болғанын айтты. Ол 10 жылдан бері астанадағы «Кітап әлемі» сауда орталығында саудамен айналысады және басқа тауармен бірге Тәжікстан туларын сатып келген. Бірнеше күн бұрын «Тәжікстандарт» қызметкерлері сапа стандартына сай келмейді деген уәжбен оның дүкеніндегі барлық туды тәркілеген.

Душанбенің орталығында желбіреп тұрған ұзындығы 65 метр болатын ең ірі ұлттық тудың өзінде осындай өндірістік ақау барын айта кету керек.

Жергілікті «Суман» фабрикасында әзірленген мемлекеттік ту стандарт бойынша жібек матадан тігіледі. Алайда бағасының қымбаттығынан оны алушылар аз. Қытай мен Түркиядан әзірленген ұлттық тулар анағұрлым арзан болғандықтан, тәжік тігін фабрикасын нарықтан ығыстырып шығарған еді.

XS
SM
MD
LG