Ссылки доступа

Қырғызстандағы алтын өндіруші компания экологиялық залал үшін 6,7 миллиард сом айып төлейді


Мемлекеттік экологиялық техникалық инспекциясының баспасөз қызметінің өкілі Анар Мәмбеталиева «Азаттық» радиосына ауданаралық соттың шешімімен “Құмтөр оперейтинг компани” компаниясы 6,7 миллиард сом айыппұл төлейтінін хабарлады. .

- Біз барлығы 4 шағым түсірдік, бүгінге дейін 2 шағым қаралды. Біз компанияның экологияға нұқсан келтіргенін және экологияға қатысты заңдарды бұзғанын дәлелдей алдық, - деді Анар Мәмбеталиева.

Мемлекеттік мекеме компанияға өндіріс қалдықтарымен мұздықтарды ластады, суды падаланғаны үшін ақы төлемеді, кен қойнауын дұрыс пайдаланбады деген секілді бірқатар айып таққан.

“Құмтөр оперейтинг компани" сот шешімімен келіспеді және жоғарғы сот сатысына шағымданатынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG