Ссылки доступа

Өзбек билігі Әндіжан оқиғасы үшін сотталғандарды босатуға асықпауда


2005 жылы 13 мамырда Әндіжандағы қанды оқиғаларға қатысты деген айыппен ұзақ жылға сотталғандар таяу күндері түрмеден шығуы тиіс болатын. Алайда оларға абақтыларда болмашы ереже бұзғаны үшін қосымша жаза мерзімдерін беруде.

Сотталғандардың туыстары «Азаттыққа» биыл көпшілігінің жаза мерзімі аяқталып келе жатқанына қарамстан, түрмелерде оларға бұрын істеген қылмыстары үшін қосымша жаза мерзімі тағайындалып жатқанын хабарлады.

– Босатылуға тиіс болғандар әлі қамауда отыр. Аяқ астынан түрлі себептер тауып, оларға жаңа жаза мерзімін беруде. Олардың туыстары бұл туралы айтудан қорқады. Өйткені бұл туралы тіс жарса түрмедегі туыстарына зияны тиетінін ескертіп оларды қорқытып қойған, – дейді Әндіжандағы дереккөз.

– 2006 жылы Ташкент облысының аудандық соттарында Әндіжан оқиғасына қатысқандардың үстінен үлкен соттар болды. Бір реттік отырыста 15-20 адам жаза арқалады. Олардың бәрі кемінде 12 ден 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үкімнің көшірмесін, оларды қанша жылға сотталғаны, жазасын қай жерде өтейтіні туралы мәліметті ешкімге, тіпті туыстарына да бермей қойды. Оларды тым көп білетіндері үшін бостандыққа шығармайды. Меніңше оларды ешқашан бостандыққа шығамайды, – дейді Өзбекстанның тәуелсіз құқық қорғаушыларының Бастамашыл тобының жетекшісі Сурат Икрамов.

Кровавые события, произошедшие 13 мая 2005 года в городе Андижане, были расценены властями как терроризм и попытка государственного переворота. По предположению Сурата Икрамова, по меньшей мере 460 человек были отправлены за решетку по обвинению в участии в участии в Андижанских событиях.

XS
SM
MD
LG