Ссылки доступа

Эстония Балтық жағалауындағы НАТО әскерін көбейтуге шақырды


Бұл туралы Эстония премьер-министрі Таави Рыйвас мәлімдеді.

"Біз үшін НАТО күштерінің бір батальонының үнемі Эстония, Латвия және Литвада тұрғаны маңызды. Бұл әскер ауысып тұруы мүмкін, олар өздерінің тұрақты нысандарын салуға міндетті емес", - деді Рыйвас Die Welt газетіне берген сұхбатында.

Сонымен бірге ол бұл әскердің тұрақты болғанының маңыздылығын атап өтті. "Тежеу күштерінің болғаны қалыпты жайға айналуы керек НАТО әскери күштерінің санын көбейту "дұрыс бағытта келеді", алайда әрі қарайғы жаңа келісімдер қажет", - деді саясаткер.

Бұған дейін НАТО Польша, Литва, Латвия және Эстонияда әскер күшін көбейтуді жоспарлап отырғаны белгілі болды. Солтүстік атлантикалық одақ бұл елдерде ауысып отыратын әскер ұстау туралы шілде айында Варшавада өтетін саммитте түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін. Аталған төрт елдің әрқайсында кемінде мың жауынгер болатын бір батальон болады деп көзделген.

Бұған жауап ретінде Ресей 2016 жылдың аяғына дейін Батыс әскери округінде екі және Оңтүстік әскери округінде бір жаңа дивизия құратынын мәлімдеді. РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу бұл НАТО күштерінің "Ресей шекарасына жақын жерде" күшеюіне қарсы шара екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG