Ссылки доступа

Вашингтон тәліптерді зорлық-зомбылық жолынан бас тартпайды деп санайды


Тәліптер жақын уақытта ауған үкіметімен келіссөздерге келе қоймайды. Бұл туралы Жапонияда басталған "Үлкен жетілік" саммитінің барысында АҚШ президенті Барак Обама мәлімдеді.

Обама тәліптердің жаңа көсемі зорлық-зомбылық стратегиясын әрі қарай жалғастырады деп санайды. Оның сөзінше, АҚШ Ауғанстандағы нәзік демократиялық үрдістерді қолдайтын болады және "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының елге тамыр жайып кетуіне жол бермейді.

АҚШ президенті тәліптер елді жауалап ала алмайтындарын мойындайтын және ауған билігімен келіссөзге келудің қажеттігін мойындайтын күн туатынына сенеді. Алайда бұл жағдайдың жақын уақытта болатынына Обаманың көзі жетпейді.

Жақында тәліптердің жаңа көсемі ретінде радикалды клирик молда Хайбатулла Ахундзада сайланды. Ол өткен аптада америкалық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың шабуылынан қаза тапқан молда Ахтар Мансұрдың орнын басты.

Тәліптердің бір топ командирінің жаңа көсемдері Ахунзадаға ант беру рәсімінен түсірілген бейнежазбаның түпнұсқасын мына жерден көруге болады.

XS
SM
MD
LG