Ссылки доступа

Саудиялықтар Душанбеде парламент сарайын салады


Тәжікстанның құрылыс және сәулет бойынша Комитеті парламент кешені құрылысының жобасы дайын екенін мәлімдеді.

Жаңа ғимарат Рудаки саябағына қарама-қарсы, қазіргі әкімдік пен ауыл шаруашылығы министрлігінің орнына салынады. Шенеуніктер жобаның түпкілікті құны әлі белгісіз екенін атты.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Мәжіліс аш-Шура (саудиялық парламент) төрағасы Абдолла ибн Мұхаммад ибн Ибрахим Оли Шейх Тәжікстанға жасаған сапары барысында бұл мәселені Тәжікстан парламенті жоғарғы палатасының төрағасы, қала әкімі Махмадсаид Убайдуллоевпен талқылады. Оның сөзінше, парламент құрылысы жөніндегі келісімге биылғы жылдың қаңтарында Эмомали Рахмонның Сауд Арабиясына жасаған сапарында қол қойылған..

XS
SM
MD
LG