Ссылки доступа

Назарбаев: «Қазақтар ешқашан қазіргідей өмір сүрген емес»


Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде қарыштай ілгерілеп, әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына енді деп мәлімдеді.

Астана экономикалық форумында Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақтар мен қазақстандықтар ешқашан қазіргідей өмір сүрген жоқ. Кеңес кезеңінің өзінде қазіргідей білім мен денсаулық саласындағы жетістіктерге қол жеткізген емес», - деді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан сәттен бастап, елде екі миллион жұмыс орны ашылған. Өткен 25 жылдың ішінде кедейшілік шегінде өмір сүретіндер саны 40 пайыздан 3 пайызға дейін төмендеген. Назарбаев елдің жалпы ішкі өнімі 1991 жылдан 2014 жылға дейін 20 есе өсіп, әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстың ұлғайғаны туралы деректер келтірді. Қазақстанның алтын-валюта қорының көлемі 95 миллиард долларды құрайды деді президент.

Соңғы бір жарым жыл ішінде Қазақстан экспортының негізгі бөлігін құрайтын қуат көздері мен металл бағаларының құлдырауына байланысты, экономикалық қиындықтарға ұшырады.

XS
SM
MD
LG