Ссылки доступа

Донбасста бес украин әскери қызметшісі қаза тауып, төртеуі жараланды


Бұл туралы Украина президенті әкімшілігінің елдің шығысындағы әскери операциялар жөніндегі өкілі Александр Мотузяник хабарлады.

Киевтің мәлімдеуінше, Донецк, Луганск және Мариуполь бағыттарындағы үкіметтік әскерге оқ атқан сепаратистер соңғы тәуліктерде 30 рет бітімгерлік келісімді бұзған.

Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" бұған жауап ретінде украин әскерилерінің Спартак, Жабичево, Веселое ауылдары мен Докучаевск қаласына оқ жаудырды деп айыптады.

Киев пен Батыс елдері Украинаның шығысындағы сепаратистерге әскери қызметшілері мен қару-жарақ жіберіп отырғаны үшін Ресейді айыптайды. Кремль мұны жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG