Ссылки доступа

Қырғызстанның гидроэнергетика саласына чех инвестициясының келуі неғайбыл


Қырғыз үкіметі шағын гидроэнергетка саласындағы әріптестік туралы Чехиямен келісімге қол қоюды уақытша тоқтатты. Бұл туралы экономика министрлігінің жанындағы инвестициялар жөніндегі Агенттіктің ақпараттық-сараптама бөлімінің жетекшісі Уран Чекирбаев хабарлады.

Ол мұны қырғыздың гидроэнергетиа саласына қызығушылық танытқан жаңа шетелдік әріптестердің пайда болғанымен түсіндірді. Алайда бұл фирмалардың қай елден екені айтылмады.

Мұның алдында қырғыз үкіметі Киров, Орто-Токой, Папан және Төрткөлсу қоймалары мен бірқатар өзенде шағын су электр стансаларын салу туралы чех инвесторларымен келісімге келген еді.

Стансалардың жалпы қуаты —158 мегаватт, жобалардың құны — 190 миллион доллар болуы тиіс еді. Алайда үкіметтің екі ойлы болғаны бұл жобалардың жүзеге асуына кедергі келтіруі мүмкін.

Бұрынғы экономика министрі Эмиль Үметалиев үкіметтің жоспарының өзгеруіне Ресей тарапынан жасалған қысым әсер етуі мүмкін деп санайды. Алайда шенеуніктер мұны жоққа шығарады. Олар келісімдерге қоюдың кейінге қалуына болмашы себептер барын алға тартады.

XS
SM
MD
LG