Ссылки доступа

21 мамырдағы оқиғалар үшін 50-ден астам адам жауапқа тартылған


Қазақстан үкіметінің жанынан құрылған жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко 21 мамырда жер реформасына қарсылық білдірмек болғандардың ішінен түрлі қалада ұсталған 51 адамның әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады.

Андрей Кравченко 21 мамырда «жер мәселесі» бойынша еш жерде рұқсат берілмесе де, бұл азаматтардың «өздерін не күтіп тұрғанын біле тұра» көшеге шыққандарын айтты.

Бас прокурордың орынбасары 51 азаматтың төртеуі әкімшілік қамауға алынғанын, 12 адамға айыппұл салынғанын, 21 азаматқа соттың ескерту жасағанын мәлімдеді. Кравченко 21 мамырдағы оқиғалар бойынша қылмыстық істің қозғалмағанын қосып қойды.

«Жер комиссиясының» мүшесі Мұхтар Тайжан ұсталған кей белсендінің үстінен ұлтаралық алауыздық тудырды және билікті күшпен құлатпақ болды деген айыппен қылмыстық іс қозғалғаны туралы әңгіменің рас-өтірігін айтуды сұрады. Андрей Кравченко мәселеге қатысты мәліметтерді көрсету үшін онымен комисси отырысынан кейін жеке кездесуге уәде берді.

21 мамырда Қазақстанның бірқатар қаласында азаматтар жер реформасына қарсы наразылықтарын білдіру үшін бейбіт митингке шығуға әрекет жасады. Құқық қорғаушылардың дерегінше, кемінде жүздеген адам ұсталып, олардың көпшілігі полиция бөлімдеріне әкелінген соң босатылды. Дегенмен қарсылық митингтері өтпей қалды. Тыйым салынған митингті ұйымдастырды деген айыппен 30-дан астам белсенді әкімшілік қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG