Ссылки доступа

Гюмриде өлтірілген отбасы үшін Ресейден €450 мың еуро талап етеді


Гюмри қаласында ресейлік әскери қызметкер Валерий Пермяков өлтірген Аветисян отбасы үшін Армян Ресейден моральдық өтемақы талап етіп, сотқа берді.

Отбасында өлтірілген бес ересек азаматқа 50 мың еуродан және екі кішкентай бала үшін 100 еуродан талап етіп отыр деп хабарлайды Азаттықтың армян қызметі.

"БҰҰ конвенциясы бұзылып отыр. Ресей адам өмірі үшін жауап беретін конвенцияға қол қойған. Гюмридегі ресейлік базаның өкілдері үшін Ресей жауап береді", – деп мәлімдейді жәбір көрушілердің адвокаты Арамазд Кивирян.

2015 жылдың 12 қаңтарында Армениядағы Гюмри қаласындағы ресейлік базаның әскери қызметкері күзет қызметін өз еркімен тастап, қалаға кеткен. Онда бір отбасындағы жеті адамды, кішкентай екі баласымен қоса ұйықтап жатқан кезінде қолындағы мылтығымен атып өлтірген.

Өткен жылы тамыз айында ресейлік әскери сотта Пермяков қылмысын мойындаған. Ресей соты оған 10 жыл қатаң режимдегі түрме жазасын кесті.

XS
SM
MD
LG