Ссылки доступа

Қазақстанда белсенділер "репрессияның қайта оралғаны" айтылды


Өткен аптада құрылған "Араша" комитеті 21 мамыр алдында тұтқындалған белсенділерді босатуға шақырды.

Комитеттің мүшелері — журналист Жанболат Мамай, Гүлжан Ерғалиева, құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев, Маржан Аспандиярова, саясаттанушы Расул Жұмалы бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, Қазақстанда "репрессия жылдары қайта оралды" деп мәлімдеді.

- Әкімшілік жазаға тартылып, арнайы мекемеде қамалып отырған азаматтардың барлық құқықтары шектелгенін, тіптен демалыс күндері оларға сәлемдеме жіберуге де болмайтынын бәрі білмейді, - дейді белсенді Маржан Аспандиярова.

Азаматтық белсенді, бейбіт жиын өткізуді ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамалған Макс Боқаевтың қарындасы Гүлмарал Боқаева ағасының үйінде тінту жүргізгенін айтты.

Азаматтық белсенді, жер реформасы жөніндегі үкіметтік комиссияның мүшесі Мұхтар Тайжан "Араша" комитеті мен Астанадағы комиссияны өзара байланыстыру үшін қолдан келгенін жасайтынын мәлімдейді.

Мамыр айының ортасында отызға жуық белсенді мен әлеуметтік желіні қолданушылар жаппай тұтқынға алынды. Олар әлеуметтік желі арқылы жер реформасына қарсы шығып, 21 мамырдағы билік рұқсат етпеген жаппай митингке шығатындықтарын жазған еді.

XS
SM
MD
LG