Ссылки доступа

Қырғызстан ішкі істер министрі жұмыстан шаршадым деп, отставкаға кеткен


Бұл жөнінде Азаттықтың қырғыз қызметіне Қырғызстан президенті өтінішіне қол қойғаннан кейін Мелис Турганбаевтың өзі хабарлады.

Елдің бұрынғы бас милиционері қызметтен өз еркімен кеткенін, одан саяси астар іздемеуін сұрайды. "Мен тек демалуды шештім. Министрлік қызмет маған мәңгі берілмейді ғой", - дейді Мелис Турганбаев.

Ол 2010 жылдан бері бірде-бір демалысқа шықпағанын айтады. Ол Қырғызстанның Ішкі істер министрі болып 2014 жылдың 3 қазанында тағайындалған.

Ішкі істер министрі міндетін атқарушы болып Кашкар Жунушалиев тағайындалды.

XS
SM
MD
LG