Ссылки доступа

Оралдың экс-әкімі адам өлтірмек болды деген күдікпен ұсталды


Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев өзінің көңілдесін өлтірмек болған деген күдікке алынған. Орал қалалық сотының судьясы С. Қадырәлиева оны уақытша тергеу абақтысына жабу туралы шешім шығарды.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында жас келіншектің денесіне пышақпен бірнеше жерін жарақаттаған шабуыл жасалған еді. Тергеу болжамы бойынша, келіншек аудан әкімінен баласының әкесі екенін мойындауын талап еткен. Серікқалиев өзінің қарамағында істейтін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың басшысына және жүргізушісіне 500 мың теңге беріп, әйелді өлтіруді тапсырған. Бірақ келіншек аман қалып, полицияға шағымданған.

Шабуылды жасаған деген күдікке ілінгендер де қамақта отыр.

38 жастағы Жеңіс Серікқалиев Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде әр жылдары басшылық қызметтерде істеген.

2013 жылдың наурыз айынан бері Теректі ауданының әкімі болып тағайындалған. Мамыр айының соңында өз еркімен қызметінен кеткен.

XS
SM
MD
LG