Ссылки доступа

Қырғыздың таулы өңірінде сел басу қаупі бар


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев үкіметке Баткен облысы Кадамжай ауданындағы селдің салдарын толығымен қалпына келтіруді тапсырды.

Мемлекет басшысы табиғи апат салдарынан қайтыс болған бес адамның отбасына өзінің қорынан 500 мың сом бөлді.

Қазіргі кезде Кадамжай – Айдаркен тасжолын тастардан тазарту жұмысы аяқталған.

Орозбеков ауылында селден үш үй қатты зардап шеккен. Арнайы құрылған штаб келген залалдардың мөлшерін әлі нақтылап жатыр.

Төтенше жағдай министрі Кубатбек Боронов Қырғызстанның таулы аймағындағы барлық ауылдарда қайтадан сел басу қаупі бар екенін ескертеді.

XS
SM
MD
LG