Ссылки доступа

Тәжікстандағы оқушылардың есінен тануына раушан гүлінің иісі себеп болуы мүмкін


Вахдат қаласының прокуратурасы Суфиён қышлағындағы № 104 орта мектептің 11 оқушысының раушан гүлінің иісінен улануына байланысты тексеру бастады.

«Оқушылардың гүл иісінен улануының нақты себебі әлі анықталған жоқ. Мұнымен прокуратура айналысуы керек», - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Навруз Джафаров. Вахдат қалалық прокуратурасының тергеушілері оқушылармен сөйлескен соң, гүлдерді алып кеткен.

27 мамырда Суфиён қышлағында он бір оқушы естерінен танып, ауруханаға жатқызылды. Куәгерлер олардың мектеп жанындағы раушан гүлдерін иіскеген соң естерінен танғанын айтады, осыған байланысты мектепте демалыс жарияланған. Бірақ оқиғадан төрт күн өткен соң, мектеп қайта ашылып, уланған тоғыз оқушы сабақтарына оралды. Қалған екі бала әлі күнге дейін астаналық ауруханада емделуде.

№ 104 мектептің мұғалімі Муким Джураев таңертең гүлдерді кесіп алып, сыныпқа әкелген оқушылардың сәлден соң талып қалғандарын айтады.

«Алдымен 10 сыныптың оқушысы гүлді иіскеген соң, партада ұйықтап қалды. Одан кейін тағы бір оқушы қыз есінен танды, оған көмектесем деген бала да сыныптасының кебін құшты. Есінен айырылған тағы бір оқушыны мектептен 100 метр жерден тауып алдық», - деді ол.

XS
SM
MD
LG