Ссылки доступа

Өзбекстанның атақты ақыны Эркин Вахидов дүние салды


30 мамыр күні Ташкентте Өзбекстанның Батыры атағын алған, халық ақыны Эркин Вахидов қайтыс болды. Соңғы жарты жылда ол үш мәрте жүрек талмасына ұшыраған.

Екінші ұлттық әнұранға айналып кеткен атақты «Өзбегім» өлеңінің авторы, өзбек парламентінің халықаралық істер жөніндегі Комитетінің бұрынғы төрағасы Эркин Вахидов дүйсенбі күні 79 жасында Ташкенттегі үкіметтік ауруханада жан тапсырды.

Соңғы уақытта төсекке таңылған ақынды жұбайы мен қызы ғана күткен. Өмірінің соңғы кезінде билікке жақын болғанына қарамастан, 1990 жылдардағы танымал оппозициялық „Бірлік„ қозғалысының жетекшісін ешкім іздемеген, ешкім қалын сұрамаған.

Вахидов Ферғана облысында мұғалімнің отбасында туған. 1945 жылы ақын отбасы Ташкентке көшеді. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң, Вахидов басылымдарда жұмыс істеді және әдеби журналды басқарды.

30-дан астам өлеңдер жинағын шығарған, бірнеше танымал пьесаның авторы болған Вахидовқа 1999 жылы Өзбекстан Батыры атағы берілген.

XS
SM
MD
LG