Ссылки доступа

БҰҰ: Жерорта теңізінде өткен аптада 880 босқын қайтыс болды


Одна из лодок с мигрантами
Одна из лодок с мигрантами

БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігі сейсенбі күні соңғы аптада Жерорта теңізінде 880 жер аударушының көз жұмғанын мәлімдеді.

Бұл мәліметтер тірі қалып, құтқарушылар тарапынан Италияға жеткізілген босқындардың айтуы бойынша алынған. "Бұл жылы кемелердің апатынан екі жарым мыңнан астам адам суға кетті. Өткен жылы осы уақытта 1850 адам қайтыс болған еді", – деп мәлімдейді мекеменің өкілі Уильям Спиндлер.

Ол сонымен бірге контрабандашылар адамдарды теңізден жүзіп өтуге жарамайтын қайықтарға отырғызатынын айтады.

Жер аударушылардың көбі – Сирия, Ирак, Ауғанстан азаматтары. Олар Еуропаға елдеріндегі зорлық-зомбылықтан қашып келіп жатады.

XS
SM
MD
LG