Ссылки доступа

Еуропол паспорт пен визаны қолдан жасаған 20 адамды тұтқындаған


Грекия мен Чехияда Еуропаға кіру үшін мигранттарға арналып жалған құжат пен виза дайындады деген күдікпен 20-дан астам адамды тұтқындады.

Еурополдың мәліметінше, паспорт пен виза 3,5 мың доллар көлемінде сатылып, ЕО, Африка, Таяу Шығыс және Азия елдеріне таратылып келген.

Грек полициясының ақпараты бойынша, қылмыстық топ шекара арқылы заңсыз адам өткізу ісімен де айналысқан.

Еурополдың хабарлауынша, криминалды желінің орталығы Афина болған. Олардың бір тобын Суданнан шыққандар бақыласа, екіншісін Бангладеш азаматтары бақылауға алған.

Екі қылмыстық топ та паспорт, шенген визасын, жүргізуші куәлігін, босқындарға арналған тіркелу куәлігін дайындаумен айналысқан.

XS
SM
MD
LG