Ссылки доступа

Румыния президенті Йоханнис Путиннің сөздеріне жауап берді


Румыния президенті Клаус Йоханнис ел аумағына АҚШ және НАТО-ның зымыранға қарсы қорғану элементтерін орналастыруына байланысты Ресей президенті Владимир Путин тарапынан сынға қалды.

Йоханнистің сөзінше, Бухарестің атына айтылған негізсіз қорқыту "Румынияның НАТО одағы қауіпсіздігін нығату үшін жасап жатқан бағытының дұрыс екендігін айғақтайды".

Клаус Йоханнис сонымен бірге АҚШ пен НАТО-ның зымыранға қарсы жүйесінің Ресейге еш қатысы жоқ деп, Мәскеудің ұстанымы Румынияны қорқытпайды деп мәлімдеді.

Өткен жұма күні румыниялық баспасөз Путиннің Румыния мен Польша ресейлік зымыранның қолжетімді аумағында қалып қоюы мүмкін деген сөздерін келтірген. Мәскеу Польша мен Румынияда салынған зымыранға қарсы нысандар Ресейдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептейді.

XS
SM
MD
LG