Ссылки доступа

Лавров: Донбас халықаралық күштердің орналасуына келіспейді


Сергей Лавров
Сергей Лавров

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында Украина Донбастағы жағдайды реттеуге қатысты алған міндеттемелерін орындамай келеді деген пікірін білдірген.

Лавровтың сөзінше, мұны тек Германия мен Франция емес, Украина жөніндегі "норманд үлгісіне" қатысып отырған Құрама Штаттар да түсіне бастаған. "Қазір президент Порошенко үшін аяқ астынан қауіпсіздік мәселесі басты бола қалды, соғысты тоқтатудың орнына халықаралық күштер арқылы Донбас аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етпек", – дейді Лавров. Ол мұндай шарттар Минск келісімінде қарастырылмағанын және Донбас ешқашан келіспейтінін атап өткен.

Лавров сонымен бірге саяси дағдарыстың көріністерін реттемей, Украинаның шығысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес деген.

Дүйсенбі күні Украинаның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Михаил Коваль Ресей билігі Украинаға қатысты агрессиясын жалғастырып, Донбастағы жағдайды бейбіт түрде реттеу мүмкіндігіне кедергі жасап келеді деп мәлімдеді.

Коваль Ресейдің батыс және оңтүстік-батыс аймақтарға, украинаның мемлекеттік шекарасына әскери күшін кеңейтіп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG