Ссылки доступа

Астана Қырғызстан азаматтарының елде болу тәртібін жеңілдетпек


Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аясында Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы екі ел азаматтарының екінші ел территориясында жүріп-тұруы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама даярлаған.

Ол құжатта Қырғызстан азаматтарының Қазақстанда ішкі істер органдарында тіркелмей-ақ 30 күнге дейін жүріп-тұруына рұқсат ету қарастырылған. Үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама қол қоюға дайын.

2012 жылы қол қойылған бұл келісім бойынша қазір Қазақстан азаматтары Қырғызстан территориясында 30 күнге дейін, ал Қырғызстан азаматтары Қазақстан территориясында 5 күнге дейін тіркеусіз жүріп-тұра алады.

XS
SM
MD
LG