Ссылки доступа

Түркіменстанның СІМ басшысы 20 жылда бірінші рет Израилге барды


Түркіменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов Израилге ресми делегациямен келіп, Иерусалимде алии және абсорбция министрі Зеэв Элькинмен кездесті деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Израиль министрі түркімен әріптесін Ашхабадта елшілік ашылуға көмектескені үшін алғысын білдіріп, Иерусалим Түркіменстанның халықаралық аренада сақтап отырған бейтарап ұстанымын құрметтейді деді. Ол сонымен бірге егер Түркіменстанның Израилде елшілік ашуға ниеті болса, қуана қабылдайтынын айтып, бұл екі елдің экономикалық байланысының дамуына септігін тигізер еді деді.

Түркіменнің бас дипломаты өз кезегінде Ашхабадтың түркімен-израиль экономикалық және мәдени байланысының дамуына қызығушылық білдіретінін жеткізген.

Израилдің алии и абсорбция министрлігі (2013 жылдың қазан айына дейін "Абсорбция министрлігі" деп аталған) — елдің иммиграция жөніндегі саясатына жауап беретін үкіметтік мекеме. Министрлік қайта оралғандарға (репатриант) мемлекеттік көмек беру мәселесімен айналысады.

XS
SM
MD
LG