Ссылки доступа

HRW: Киев ресейлік журналистерге салған санкцияны алып тастасын


"Украинаның ресейлік насихаттың салдарына алаңдайтындарына толық негіз бар. Бірақ кез келген көңіл толмаушылыққа сөз бостандығын шектеу арқылы жауап беру қате",- делінген HRW мәлімдемесінде.

27 мамырда Украина президенті Петр Порошенко ресейлік БАҚ-тың 17 жетекшісіне 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін еліне кіруге тыйым салу жөнінде бұйрыққа қол қойды.

Тізімде "Первый канал" бас директоры Константин Эрнст, "Правда.Ру" холдингінің қожайыны Вадим Горшенин, ТАСС ақпараттық агенттігінің бас директоры Сергей Михайлов, LifeNews телеканалының бұрынғы бас директоры Ашот Габрелянов және Russia Today телеканалының бас редакторы Маргарита Симоньян бар.

Құқық қорғаушылардың жариялаған мәлімдемесінде Украинаның Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық конвенцияға және Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пактіге қол қойғанын ескертеді. Human Rights Watch Еуроодақ, АҚШ және Украинаның өзге де серіктестері украин билігіне цензураға жол бермеуді нақты айтулары керек деп есептейді.

XS
SM
MD
LG