Ссылки доступа

Кәсіпкер Сергей Полонский Мәскеу абақтысында үйленді


Полонский болашақ қалыңдығына сот отырысы кезінде ұсыныс білдірген. Неке сақинасын да сол кезде қағазға орап берген. Неке қию рәсімі кезінде Ольга Дерипаско жұбайының тегін қабылдаған. Ол күйеуі бостандыққа шығуы үшін соңына дейін күресетінін айтқан.

24 мамырда сот адвокаттары талап еткенімен, кәсіпкердің жазасын жеңілдетпеді.

Полонский 2015 жылдың мамыр айында Камбоджидан экстрадицияланып, "Матросская тишина" тергеу абақтысына қамалған. Оған "Кутузовская миля" тұрғын үйдің құрылысына қатысты ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Кәсіпкер болса, кінәсін мойындамайды.

XS
SM
MD
LG