Ссылки доступа

Киев: "Порошенко офшоры" туралы мәлімет тексерілмейді


Украинаның Жоғарғы Радасы ел президенті Петр Порошенконың офшордағы капиталы туралы мәліметтерді тексеру жөнінде арнайы комиссия құруды қабылдамады.

Украина парламентінің ресми сайтында хабарланғандай, комиссия құрылуға қажетті 226 дауыс жиналу керек. Бірақ депутаттардың 108-і қолдап дауыс берсе, алтауы қарсы дауыс берген, ал қалған 115 депутат дауыс беруден мүлдем бас тартқан.

"Батькивщина" фракциясының мүшесі Надежда Савченко талқылау кезінде Жоғарғы Рада депутаттарын "халық алында күнәләрі үшін кешірім сұрауға" шақырған. Оның сөзінше, Порошенконың, Украина Ұлттық банкі басшысының, қаржы министрі және өзге де жоғары лауазымды шенеуніктердің офшордағы капиталдары туралы мәліметті тексеру бұл қазіргі биліктің халық үшін жасайтын бірінші әрекеті болуы тиіс.

Жоғарғы Раданы ол "Титаникке" теңеді. Надежда Савченконың пікірінше, егер халықтық депутаттар "артығын" бермесе, халық оларды "батырады". Сондықтан шектен шықпай, әркім өзінен бастау керек деген ол.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Журналистік зерттеу халықаралық консорциумы Порошенконың бизнесі 2014 жылы британдық Виргиния аралындағы офшорға көшірілгенін жариялаған. Украина президенті мұны "өзінің кәсібін сыртқы басқаруға беру үшін жасағанмын" деп түсіндірген.

XS
SM
MD
LG