Ссылки доступа

Бұхарада сақалдыларды футбол көруге жібермеген


Иллюстративное фото

Иллюстративное фото

Футбол жанкүйерлері бірінің сөзінше, сүйікті командалары арасындағы ойынды көру үшін, жақын жердегі шаштаразға барып, сақалын қыруға тура келген.

"Бұхара" футбол командасының фан-клуб лидерлерінің бірі стадионға сақалды жанкүйерлерді жібермеу жөнінде ауызша бұйрық болғанын айтады. "Сақалды жас жігіттерді жібермейді. Тек 40-45 жас шамасындағы сақалды ер азаматтарға ғана рұқсат береді. Қазір барлық жерде осындай тәртіп", – дейді "Бұхара" командасының фан-клуб лидері.

Құқық қорғаушылар күш құрылымдары қызметкерлерінің әрекеттерін заң бұзушылық деп бағалайды. "Қоғамдық орындарға сақалды мұсылманды жібермеу бұл азаматтардың діни сенім бостандығына шектеу қою болып табылады "- дейді штаб пәтері Францияда орналасқан "Орталық Азиядағы адам құқықтары" қауымдастығының жетекшісі Надежда Атаева.

XS
SM
MD
LG