Ссылки доступа

Қырғызстан ЕАЭО және Вьетнам арасындағы еркін сауда келісімін бекітті


Келісім 90 пайыз ашық сауданың түрлеріне еркін сауда жасауға мүмкіндік береді деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі. Заңға сәйкес, баж салығын нөлдендіру мен нарыққа жіберу режимін босату екі кезеңмен өтеді. Бірінші кезеңде тауарлардың жартысы келісім күшіне енгеннен күннен бастап іске қосылады, екіншісі кезең қысқа өтпелі кезеңде жүзеге асады.

Келісім тауар саудасы, кедендік басқару қызметі, саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, капитал салымы, зияткерлік меншік, мемлекеттік сатып алу, бәскелестік, тұрақты даму, электронды сауда т.б. мәселелерді қамтиды.

Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылдың 1 қаңтарында Кедендік одақ және Біріңғай экономикалық кеңістік аясында құрылды. ЕАЭО-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Қырғызстан мүше.

XS
SM
MD
LG