Ссылки доступа

Қырғызстан министрлік пен мекемелер санын қысқартады


Қырғызстан үкіметі министрліктер мен мекемелер санын қысқартады. Премьер-министрдің тиісті тапсырмасы министрлер кабинетінің сайтында жарияланған.

Ақпаратқа сәйкес, аталған шаралар министрліктердің, әкімшілік мекемелердің және өзге де ұйымдардың штаттық санын оңтайландыру үшін қолға алынған. Сонымен бірге қайталанатын міндеттерді алып тастап, мемлекеттік аппаратты қамтамасыз ететін шығыстың көлемін қысқарту көзделген.

Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін, арнайы жұмыс тобы құрылып, барлық мемлекеттік мекемелердегі штат санын есепке алынады екен.

Онда мемлекеттік қызметтерде жетекшінің орынбасары деген лауазымды қысқарту қарастырылған.

Қырғызстан үкіметінде бүгінгі кезде 12 министрлік, 2 комитет және 25 әкімшілік мекеме жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG