Ссылки доступа

Отставкадағы полковник Квачковқа терроризмге үндеді деген айып тағылған


Владимир Квачковтың адвокаты Оксана Михалкинаның хабарлауынша, бұл жолы оны террористік әрекетке жария түрде үндеген деген айып тағылған. Қылмыстық іс үстіміздегі жылдың наурыз айында қозғалған.

2013 жылы Квачков 13 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін Ресейдің Жоғарғы соты отставкадағы полковниктің жазасын 8 жылға қысқартқан. Өткен жылы Мәскеу қалалық соты "Народное ополчение Минина и Пожарского" деп аталатын ұйымды экстремистік топ деп таныған. Оның жетекшісі осы Владимир Квачков болған.

Квачков Анатолий Чубайсқа қастандық жасады деп айыпталған, алайда ол екі рет алқабилер сотымен ақталып шыққан.

XS
SM
MD
LG