Ссылки доступа

Германияда теракті ұйымдастырмақ болды деген сириялықтар ұсталған


Қастандықтың алдын алған. Себебі Салех А. есімді төртінші сириялық 1 ақпанда өз еркімен Париж билігіне келіп, теракті жасауға дайындық жүргізгендерін мойындаған.

Салех А. сұралғаннан кейін, германиялық тергеушілер үш күдіктіні тұтқындау үшін, төрт ай бойында барлау жұмыстарын жүргізген.

Салех А. әзірге Францияда қалады, Германия оның экстрадициясын талап етіп жатыр деп хабарлайды прокурор.

Бельгия, Франция, Испания және Ұлыбритания секілді Германия бүгінге дейін ірі терактілер нысаны болған емес. Бірақ былтыр ГФР-ге жүз мыңдаған мигрант келгеннен кейін, теракті болу қаупі бар ел ретінде қаралады.

XS
SM
MD
LG